Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайда белгілердің жоқтығынан жол апатына түскен жүргізуші әкімдікті сотқа берді

Қостанайда белгінің жоқтығынан жол апатына ұшыраған жүргізуші әкімдіктің үстінен сотқа шағымданды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Pixabay.com

Жол қиылысында "Басты жол" және "Жол бер" белгілерінің жоқтығынан екі көлік соқтығысқан. Екі көлік те бұзылды.

Жәбірленушілердің бірі келтірілген шығынды сот арқылы өтеуге шешім қабылдады. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі кінәсін мойындамады. Олар белгілерді бақылау тендерді жеңіп алған жеке кәсіпкердің міндеті деп шешті. Бірақ кәсіпкер әкімдіктің нұсқауынсыз жөндеуді жүргізуге құқығы жоқ екенін айтты. Нәтижесінде сот тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жөндеу жұмыстарына өтемақы төлеуге міндеттеді. Олар апелляциялық шағым түсірді.

“Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі сот шешіміне шағымданып, жаңа шешім шығаруды сұрады. Апелляциялық инстанция мемлекеттік мекеме бөлімінің шағымын қарап, бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгеріссіз қалдырып, апелляциялық шағымның дәлелдері негізсіз деп танылды”, – деп мәлімдеді Қостанай облыстық соты баспасөз қызметінің жетекшісі Ләззат Байғожина. 

Талқылау